Hyundai Oskemen
Өскемен қ., Қ.Сәтбаев даңғ., 62/3
01 ақпан
2023 жылдың қорытындысы шығарылды: Hyundai – Қазақстан автонарығының көшбасшысы

Hyundai — "Қазақстанның автокөлік одағының" деректері бойынша 2023 жылғы автокөлік нарығының абсолютті көшбасшысы. Еліміздің 18 қаласындағы дилерлер Hyundai-нің 46 725 түрлі моделін сатты, деп хабарлады компания өкілдері.

Соңғы бес жылда Қазақстанда Hyundai сатылымы 5,5 есе өсті, нарық үлесі 14%-дан 23,5%-ға дейін ұлғайды. 2023 жылы бренд сатылымының өсуі 2022 жылға қарағанда 62%-ды құрады.

Қазақстандағы Hyundai сатылымының бестселлері — Tucson, одан кейін брендтің ең танымал бес моделінің қатарындағы жетекші орындарды Santa Fe, Elantra, Sonata және Bayon модельдері алады. Hyundai-ні алматылықтар, Астана, Шымкент, Қарағанды және Қостанай тұрғындары ұнатады, олар 2023 жылы сатылған 46 725 Hyundai автокөлігінің 32 мыңға жуығын сатып алған.

hyundai

"Қазақстандықтар жаңа затқа құмар, бұл әрқашан жаңа өнімдерді қызығушылықпен күтетін клиенттің керемет қасиеті және Hyundai брендінің басымдықтарының бірі — кең модельдік қатар, сондай-ақ уақтылы жаңарып отыру. Сонымен қатар біз тұтынушы Hyundai-ге адал болып қала беріп, модельдер қатарынан автокөліктерді таңдаған кезде брендке деген сүйіспеншілігін байқаймыз. Қазақстандағы клиенттерімізге Hyundai-ні таңдайтыны үшін және жаңа көлік сатып алу және сервис қызметтерін алу мақсатында бізге оралатыны үшін алғыс айтамыз", — дейді ТМД Hyundai Motor үйлестіруші директоры Канг Бьюнджон.

Брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторының айтуынша, 2023 жылы Hyundai автокөліктерін сатудың айтарлықтай өсуіне автокөлік сатып алудың тиімді шарттарын ұсынуға бағытталған науқан ықпал етті.

"Өткен жылы біз қаржы ұйымдарымен бірлесіп тұтынушыларға арналған бірқатар бағдарламалар әзірледік және сатылған автокөліктердің жалпы көлемінің 60%-ын біздің клиенттеріміз кредитке сатып алды. Қазақстандықтар жаңа автокөлікті тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігін бағалады. Мысалы, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 0,1%-дан, бастапқы жарнасы 10%-дан басталатын және кредиттеу мерзімі жеті жылға дейінгі Hyundai Finance бағдарламалары танымал болды; Palisade, Santa Fe, Staria, Tucson флагмандық модельдеріне 2,4% мөлшерлемемен; сондай-ақ i20 және i30 модельдеріне кредиттеу мерзімі жеті жылға дейін, бастапқы жарнасыз автокредит", - деп түсіндіреді Қазақстандағы Hyundai дистрибуциясының директоры Марат Смағұлов.

Hyundai ресми дилерлерінің серіктес банктері — Halyk Bank, Forte Bank, ҚМФ, Mycar Finance, Центркредит Банкі, Еуразиялық Банк.

 hyundai

Қазақстандағы Hyundai дистрибьюторы өз клиенттерінің адалдығын иелік ету тарихымен байланыстырады, яғни тұтынушы брендтің сенімділігін уақытпен сезінуге мүмкіндік алды және ол жаңа көлік сатып алу үшін оралады, демек ол компанияға және отандық өндірушіге сенеді.

Клиенттердің арасында өткізілген сауалнама көрсеткендей, автокөлік сатып алуға арналған кредиттік бағдарламалардың ыңғайлы шарттары Hyundai-нің біздің нарықтағы артықшылықтарының бірі болып табылады. Қазақстандықтарды сондай-ақ құны 7 млн 990 мың теңгеден басталатын модельдердің кең таңдауы, кепілдік берілген сапа, қауіпсіздік жүйелері, жайлылық, дизайн, жаңа технологиялар, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, сервисті ұсынудағы жеделдік, түпнұсқа қосалқы бөлшектердің болуы және дилерлік орталықтардағы техникалық мамандардың біліктілігі қызықтырады.

"Біз клиенттерімізге сатып алу ыңғайлылығын, қызмет көрсету сапасын және автокөлікке алаңсыз иелік етуді қамтамасыз етуге тырысамыз. Қазақстандықтар арасында "5 ТҚК сыйлыққа" бағдарламасы ерекше танымал, оның арқасында Hyundai автокөліктерінің иелері техникалық қызмет көрсетуден тегін және уақтылы өтеді, бұл автокөлік жұмысына оң әсер етеді және тұтынушының бюджетін айтарлықтай үнемдейді", — деп атап өтті Марат Смағұлов.

Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының статистикасы — қазақстандық тұтынушының брендке және отандық автоөнеркәсіпке деген сенімінің индикаторы. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап Hyundai автокөліктерін қазақстандық нарық үшін "Астана Моторс" компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan шығаруда. 2023 жылдың 12 айында Hyundai Trans Kazakhstan конвейерінен 48 857 автомобиль шықты, өндіріс көлемі 31,3%-ға өсті (2022 жылы — 37 205 бірлік). Алматылық кәсіпорынның шығаратын автокөліктерінің қатарында Hyundai-нің 10 моделі бар: Tucson, Santa Fe, Elantra, Sonata, Bayon, Accent, i20, i30, Palisade, Staria.

2023 жылы кәсіпорын қуаттылығын жылына 50 мың бірлікке дейін ұлғайтты, зауыт қызметкерлерінің саны 1 289 адамға дейін өсті.

 hyundai

"Астана Моторс" компаниясының негізгі мақсаты — 2027 жылға қарай ұсақ түйінді өндірісті 100%-ға жеткізу және Hyundai Trans Kazakhstan зауыты барлық модельдерді дәнекерлеу және бояумен ұсақ түйінді желіге кезең-кезеңімен көшіру үшін кәсіпорынды жаңғыртуды жалғастырады. 2024 жылы ұсақ түйінді өндірістің үлесі шығарылатын автокөліктердің жалпы көлемінің 25%-ын құрайды.

Сонымен қатар қазақстандық компания автокомпоненттерді жергіліктендіреді. Ағымдағы жылы "Астана Моторс" компаниясы Hyundai автокөліктеріне арналған автокөлік орындықтарын, полиуретанды кілемшелерді, қанатастыларын, шашыратқыштарды және мультимедиялық жүйелерді өндіріске шығарады.

Осылайша, компания Алматы индустриялық аймағында шағын және орта бизнесті, автоөнеркәсіпті дамытуға және машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін технопарк құрады. "Астана Моторс" автокомпоненттер өндірісін игере отырып, жергіліктендіруді тереңдетеді және кластерлік экономиканы дамытады. Hyundai Trans Kazakhstan отандық автокомпонент жеткізушілермен ынтымақтасуға дайын, ал бұл бизнес үшін автомобиль саласында дамудың жаңа мүмкіндіктері.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 2023 жылы өндіріс көлемін ұлғайтты, оның ішінде ресми дистрибьютордың Hyundai Motor Company (Корея Республикасы) штаб-пәтерімен табысты келіссөздерінің арқасында, нәтижесінде квотаны ұлғайтуға және Алматыда автокөліктер өндірісі үшін шетелден жиынтықтауыштарды жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде пандемияға байланысты дағдарыстан, жартылай өткізгіштер тапшылығынан және геосаясаттан туындаған танымал Hyundai модельдерінің тапшылығы жойылды.

Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта ұсынылған Hyundai модельдік қатары 18 қаладағы ресми дилерлерде бар, барлығы 23 дилерлік орталық. Олардың 14-і ресми дистрибьютормен ынтымақтасатын және өз өңірлерінде брендті ұсынатын тәуелсіз қазақстандық кәсіпкерлер. Hyundai ресми дилерлерінің үлкен командасы — бұл бүкіл ел бойынша 2000-нан астам қызметкер.

hyundai

2024 жылы "Астана Моторс" Жезқазған, Жаңаөзен, Түркістан, Рудный және Қонаев қалаларында ШОБ-пен ынтымақтаса отырып, Қазақстандағы Hyundai дилерлік желісін едәуір кеңейтуге ниетті, ол өңірлерде тәуелсіз дилерлерге Hyundai өнімдерін ресми түрде сату, сервис қызметтерін көрсету және кепілдік қызмет көрсету құқығы беріледі. Бұл отандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер: өз бизнесін ашу, дамыту, жұмыс орындарын құру.

Осылайша, өндіріс пен сатылымның өсу көрсеткіштері, сондай-ақ дилерлік желінің сенімді дамуы Hyundai қазақстандық нарықта бұрыннан нығайғанын, бүгінде бұл қазақстандықтардың сеніміне ие болған және жүрегіне жол тапқан толыққанды, іргелі бренд екенін көрсетеді.