Hyundai Oskemen
Өскемен қ., Қ.Сәтбаев даңғ., 62/3
22 қаңтар
Екінші жыл қатарынан Hyundai Қазақстанда сатылым бойынша 1-ші орынды алуда.

«Қазақстанның автокөлік одағы» 2024 жылдың сатылым қорытындысын жариялады, автонарық көшбасшысы – Hyundai

Клиенттер бүкіл ел бойынша Hyundai-нің 44 218 автокөлігін сатып алды (үлесі 21,6%) – «Қазақстанның автокөлік одағының» деректері бойынша 2024 жылдың сатылым қорытындысы осындай. Бұл республикадағы ең көп сатылатын 10 брендтің арасындағы бірінші орын және бренд бұл көшбасшылық позицияны әр тоқсанның да, әр жартыжылдықтың да нәтижелері бойынша екінші жыл қатарынан ұстап тұр.

2024 жылдың желтоқсанында бір айда 6300 автокөлік сатқан Hyundai Қазақстанда автокөлік сатудың ресми статистикасын жүргізудің бүкіл тарихында нарық рекордын орнатты. Осылайша бренд бәсекелестерден айтарлықтай алшақтап, жылды сәтті аяқтады.
Hyundai сатылымының бестселлері тағы да Tucson кроссовері болды, өткен жылы қазақстандық дилерлер осы модельдің 22 389 автокөлігін сатты. Hyundai модельдік қатарында ең көп сұранысқа ие бестікке Elantra, Santa Fe, Sonata және Palisade кірді.

Қазақстан бойынша ресми дилерлерде Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты өндірген Hyundai Tucson, Elantra, Santa Fe, Sonata, Palisade, Mufasa, Staria және Custin модельдері ұсынылған. Осы брендке деген жоғары сұранысты ескере отырып, біздің тұтынушы, 2023 жылдағыдай, қазақстандық өндірістің автокөлігін таңдады және ресми дилерлерден сатып алуды жөн көреді. Қазақстандықтар арасында танымал қаржы бағдарламаларының қатарында – Hyundai Finance. Бастапқы жарна – серіктес банкке және автокөлік моделіне байланысты 0%-дан басталады, сыйақы мөлшерлемесі 0,1%-дан бастап, кредиттеу мерзімі 7 жылға дейін.

«Біздің жұмысымыздың басты мақсаты – қызмет көрсету сапасын үнемі жақсарту және клиенттеріміздің күткенін алдын ала біліп отыру. Бүгінгі таңда сатып алушыға неғұрлым маңызды нәрсе – сенімділік, мәміленің сенімділігі, кепілдік және халықаралық стандарттар бойынша сервис. Біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, сатып алу кезінде және одан кейін клиентті сүйемелдейміз, қолдаймыз. Сондай-ақ әрине, Hyundai-нің табысқа жетуі – отандастарымыздың қазақстандық өндіруші – Hyundai Trans Kazakhstan өндірісін қолдауы», – дейді Hyundai Auto Kazakhstan дистрибуциясының директоры Марат Смағұлов. Естеріңізге сала кетейік, Hyundai ресми дистрибьюторы мен Hyundai автокөліктерін шығаратын зауыт «Астана Моторс» құрамына кіреді.

2024 жылы дистрибьютор нарыққа Hyundai Mufasa, Custin, рестайлингтен өткен Tucson, Santa Fe жаңа өнімдерін ұсынды. Сонымен қатар Custin-де мультимедиялық жүйенің интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді.

«Біз сатып алушының қалауын талдаймыз және клиенттердің қызығушылығына қарай нарықтық ұсыныстарды қалыптастырамыз. Сатып алушылар бізге сервис пен жаңа модельдеріміз үшін қайта оралады, бізде брендті жақтаушылар пулы қалыптасты – бұл әсіресе құнды. 2025 жылы біз дилерлік желіні кеңейтуді, сатып алуды қаржыландырудың жаңа қолайлы шарттарын әзірлеуді жалғастырамыз және көптеген клиенттеріміз Қазақстанда күтіп жүрген жаңа Hyundai Palisade-ды ұсынатын боламыз», - деп түсіндірді дистрибуция директоры.

2024 жылғы шілдеде қазақстандық нарықта мобильді сатып алушылар үшін ұсыныс пайда болды – Mycar.kz жаңа автокөліктер маркетплейсі, онда барлық Hyundai модельдерін таңдауға, тапсырыс беруге, төлеуге және онлайн режимінде ресімдеуге болады.

Автокөлікті кредитке сатып алғысы келетіндер үшін сегіз банктен бір онлайн өтінім бойынша ұсыныстар бар. Клиент қалаған Hyundai моделін таңдайды, қысқаша сауалнаманы толтырады, банктерден автокредит шарттарымен ақырғы шешімдерді алады. Автокөлікті сатып алу уақыты, соның ішінде автокредитті онлайн ресімдеу, 25 минуттан аспайды.

Айтпақшы, маркетплейсте де Hyundai көшбасшы болып табылады, Mycar.kz талдаушыларының деректеріне сәйкес барлық сатылымдардың 40%-дан астамы дәл осы брендтің еншісінде. Жалпы қолданбаны іске қосқан сәттен бастап 2024 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейінгі аралықта қазақстандықтар 1230-дан астам автокөлікті онлайн сатып алды.

«Астана Моторс» компаниясы үнемі дамып отырады, жаңа және қолданыстағы жобаларға инвестиция салады. Қазіргі уақытта компания еншілес кәсіпорынға қосымша инвестиция құйып, дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтарында роботтарды орната отырып, өндірістік қуаттарды жаһандық жаңғыртуды жүргізуде.

Зауытта жаңа жабдықты орнату үшін бөлшектеу жүргізіліп, оны орнатуға кірісті. Жаңғырту 2025 жылдың наурызына қарай аяқталады, осы уақытта кәсіпорын Hyundai Santa Fe ұсақ түйінді өндіріс желісін іске қосады. Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan тағы бір модельді дәнекерлеуді және бояуды игеріп, технологиялық операциялардың жаңа деңгейіне көшеді, ұсақ түйінді өндірістің қуаты екі есеге артады.

2024 жылы Қазақстанға компанияның президенті және жаһандық CEO Джэхун Чанг мырза бастаған Hyundai Motor Company (Корея Республикасы) делегациясы келді. Бренд ұстаушы Алматыда Hyundai автокөліктерін жергіліктендіруді тереңдету бойынша «Астана Моторс» ниетін қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan 2020 жылдан бастап Алматы Индустриялық аймағында жеңіл автокөліктер шығарады.

«Астана Моторс» басшысы Нұрлан Смағұлов және Hyundai Motor Company президенті Джэхун Чанг. «Астана Моторс» фотосуреті

«Астана Моторс» автомобиль жасау саласын дамытумен қатар, автокомпоненттер өндірісіне де назар аударады. Өткен жылы компания Оңтүстік Кореяның жетекші Motrex және Youngsan компанияларымен серіктестікте мультимедиялық жүйелер мен автокөлік орындықтарын жергіліктендірді, 2025 жылдың ақпанында орындық өндіру кәсіпорнын ресми түрде ашу жоспарлануда. Көбік құйылған автокөлік орындықтарының пилоттық партиясы сынақтан өткізілді. Автокомпоненттер шығаратын екі зауыттың қуаты жылына 100 мың жиынтық.

Қазақстандағы Hyundai бренді туралы толық ақпаратты дистрибьютордың ресми сайтынан немесе «Астана Моторс» 7007 байланыс орталығынан алуға болады.